"ҚазСуШар" мекемесі жағдай одан бетер ушықпас үшін, Қырғызстандағы 40 шақырым дренажды каналдарды тазартып жатқанын мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында қуаңшылықтан шаруаларға келген шығын 7 млрд теңгеге жетуі мүмкін. Өңірдегі суаруды қажет ететін 112 мың гектар, жердің 12 мың гектары күйіп кеткен. Қазірдің өзінде зардап шеккен қожалықтар саны 350-ге жуықтайды, деп жазады stan.kz.
"ҚазСуШар" мекемесі жағдай одан бетер ушықпас үшін, Қырғызстандағы 40 шақырым дренажды каналдарды тазартып жатқанын мәлімдеді. Нәтижесінде қазір секундына 5-8 текшеметр аралығында су беріліп жатыр екен. Мекеме осы арқылы өңірдегі қалған қызылша мен пиязды барынша сақтап қалуға мүмкіндік бар дейді.
Жамбыл облысының әкімдігі су шығынын азайту үшін каналдарды бетондау жұмыстарына шұғыл кіріспек. Сонымен қатар 3 ірі және 11 су қоймасының жобасы дайындалып жатыр. Құрылыс қаржы бөлінген бетте басталмақ.
“Біз мұны шамамен 57 миллиард теңге көлемінде болады деп болжап отырмыз. Бірақ нақты есебі әр шаруа бойынша жасалады. Енді егістің көлемін азайтпаймыз. Өйткені су жетпейтін жерлерді тәліми жер ретінде пайдалануға болады, ол біріншіден. Екіншіден, біз мынау тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиларына қатысты ынталандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Қазірдің өзінде 57 мың гектар жерде осындай су үнемдеу технологиясы пайдалануда”, – деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.