Жамбыл облысында мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады

0
184

15 жастағы жасөспірім - толық емес отбасындағы алты баланың бірі.


Жамбыл облысында мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жантүршігерлік оқиға болды. Көкбастау ауылындағы Амангелді орта мектебінің 10-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 15 жастағы жасөспірім - толық емес отбасындағы алты баланың бірі. Ауылдастарының айтуынша, оның әкесі осыдан 4 жыл бұрын көп жылғы дерттен қайтыс болған.

Оқушының неліктен мұндай қадамға барғанын полиция анықтайды. Қазір тәртіп сақшылары өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, прокуратура, білім басқармасының қызметкерлері, психологтар мен Жамбыл облысы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр", деп мәлімдеді Жамбыл облысының полиция департаменті.

Сондай-ақ ведомство мән-жайды анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.