Шу ауданындағы «Тасөткел» су қоймасында Қырғыз Республикасының бір топ азаматы жүзу құралымен балық аулауға шыққан.
фото: evofishing.ru
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында қайығы аударылған балықшы құтқарылды, деп жазады ulysmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шу ауданындағы «Тасөткел» су қоймасында Қырғыз Республикасының бір топ азаматы жүзу құралымен балық аулауға шыққан.
Біраз уақыттан кейін құтқару қызметінің пультіне қайықтың аударылып, балықшылардың бірінің суға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
“Акваторияны патрульдеу барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу аттанды. Ер адам жедел түрде табылып, судан шығарылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ”, – делінген хабарламада.


