Жамбыл облысында ветеринария бөлімінің басшысы өзіне қол жұмсамақ болды

0
338

Жамбыл облысы Қордай ауданы ветеринария бөлімінің басшысы сол қолының тамырын кесіп, өзіне қол жұмсамақ болды.


Жамбыл облысында ветеринария бөлімінің басшысы өзіне қол жұмсамақ болды

Фото: HALYQSTAN

ERNUR.KZ. Қордай аудандық ветеринария басқармасының басшысы Ғалым Сабыралы өз кабинетінде өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Әлеуметтік желіде ер адамның қолы қанға боялған суреті тарады, деп жазады stan.kz.

Жамбыл облысы Қордай ауданы ветеринария бөлімінің басшысы сол қолының тамырын кесіп, өзіне қол жұмсамақ болды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оны ауруханаға жеткізді. Осы уақыта есін біліп жатты.

Ер адамның мұндай қамаға не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Облыстық полиция болған жағдайға қатысты "Өзіне қол жұмсау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

“Қазір жағдайға қатысты тергеудің толық, объективті және жан-жақты болуы үшін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс Қордай аудандық полиция бөлімі басшылығының бақылауында”, – делінген хабарламада.