Төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті.
Фото: ТЖМ
ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауылындағы жанармай құю бекетінде тұрған жеңіл автокөлік отқа оранды, деп жазады stan.kz.
Төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті.
“Өрт жеңіл автокөлік пен үш жанармай құю колонкасын шарпыған. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалын тез арада оқшауланып, толығымен сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ”, – делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.