Жаңа «E-Labs» модулі іске қосылды

0
546

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Қазақстанның Цифрлық ғылыми порталын іске қосты.


 Жаңа «E-Labs» модулі іске қосылды

Цифрлық ғылыми портал «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі негізінде әзірленді. Оны құру үшін мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің өкілдерін қамтитын фокус-топ құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Портал пайдаланушыларға ғылыми конференцияларды, семинарлар мен форумдарды іздеуді және оларға қатысуды жеңілдететін «Іс-шаралар» модулін ұсынады. Әрбір пайдаланушы өзін қызықтыратын іс-шараны тауып, қатысуға өтінім бере алады, ал ұйымдастырушылар өз іс-шараларын жариялап, өтінімдерді қабылдай алады.

«Е-labs зертханалар базасы» модулі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жеделдететін зертханалар, жабдықтар және ғылыми ұйымдар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Модуль инфрақұрылымның маркетплейсін және ғылыми ұйымдардың зертханалары бойынша қолдану салалары мен технологиялық дайындық деңгейлері бойынша сүзгілері бар бақылау тақтасын қамтиды.

Ғылыми ұйым өкілдеріне порталға тіркеліп, өз зертханалары туралы ақпаратты https://astanahub.com/ru/innovation-infrastructure/... сілтемесі бойынша енгізуді ұсынамыз. Ғылым комитетінің қызметкерлері модерациядан өткеннен кейін деректер «Е-labs зертханалар базасы» модулінде жарияланады.

Қазақстанның цифрлық ғылыми порталы ғылыми аудиторияға ыңғайлы және инновациялық құралдарды ұсына отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті дамытудағы маңызды қадам болып табылады.