Жаңа оқу жылында жатақханасыз қалған кейбір студенттерге 100 мың теңгеден беріледі

0
106

Аталған төлемді 7145 студент алуы тиіс.


Жаңа оқу жылында жатақханасыз қалған кейбір студенттерге 100 мың теңгеден беріледі

Фото: oninvest.com

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан Jibek Joly телеарнасындағы "Бүгін Live" бағдарламасында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстанда студенттердің жекелеген санаттарына жатақханада тұру шығындарын өтеуге арналған өтемақы қарастырылған. Төлем мөлшері жылына 29 АЕК-ке дейін, яғни 100 050 теңгені құрайды.

Өтемақыны мына санаттағы студенттер ала алады:

  1. ата-анасынан айырылған балалар;
  2. I және II топтағы мүгедектігі бар студенттер;
  3. бала кезінен мүгедектігі бар студенттер.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, төлем тек 1 курс студенттеріне ғана берілмейді.

"100 050 теңге мөлшеріндегі қаражат тек бірінші курста ғана емес, екінші және үшінші курстарда да беріледі. Бұл қолдау осы санаттағы студенттерге бағытталған", – деді ол.