Пантеон астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында, Астана қаласының аумағында орналасқан.
ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық пантеон жөніндегі ережеге өзгерістер әзірледі, деп жазады zakon.kz.
Пантеон астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында, Астана қаласының аумағында орналасқан.
Пантеон аумағында:
- әкімшілік, шаруашылық және қосалқы ғимараттар;
- құлпытастар;
- саябақ және іргелес аймақтар қамтылады.
Қайтыс болған (қаза тапқан) мынадай адамдар Пантеон аумағында жерленеді:
- Қазақстан Республикасының президенттері;
- Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағалары;
- министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;
- "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған тұлғалар;
- "Алтын қыран", "Отан", үш дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерімен марапатталған азаматтар;
- "Кеңес Одағының Батыры", "Социалистік Еңбек Ері" атақтарына ие болған азаматтар;
- "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған азаматтар;
- Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар;
Пантеонда жерлеуге жататын тұлғалармен олардың қайтыс болған (қаза тапқан) жұбайлары жерленуі мүмкін.
Пантеонда жерлеуді тіркеу кітабы жүргізіледі, онда қайтыс болған (қаза тапқан) адам туралы мынадай мәліметтер қамтылады:
- тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);
- қайтыс болғанның (қаза тапқанның) Пантеонға келіп түскен және мәйітті жерлеу күндері.
Құжат Ашық НҚА сайтында жарияланған құжат 7 сәуірге дейін талқыланады.