Жанабыловтар ісі ушыға түсті: блогерлерге 7 жылға сотталуы мүмкін

0
112

Адвокат отбасыға тағылған айыптың ауырлағанын мәлімдеді.


Жанабыловтар ісі ушыға түсті: блогерлерге 7 жылға сотталуы мүмкін

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

ERNUR.KZ. Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға байланысты тергеу аясында қосымша, ауыр қылмыстық баптар тіркелген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы блогерлер отбасының адвокатыЖасұлан Рахымғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігі бойынша сараланып отыр. Адвокаттың мәліметінше, әсіресе 218-бап, қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру дерегі бойынша қозғалған іс аса ауыр санатқа жатады және ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Оның айтынша, тергеу органдары әлеуметтік желілер арқылы жиналған қаражатты заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған кіріс деп бағалап, оны «заңдастыру» белгілерін анықтаған. Сонымен қатар, іс материалдарында прокурор тарапынан мемлекет мүддесіне қатысты талап-арыз тіркелген. Онда азаматтардан жиналған қаражатты мемлекет кірісі ретінде өндіріп алу мәселесі көтеріліп отыр.

Қазіргі уақытта блогерлерге қатысты бұлтартпау шарасы қаралуда. Рахымғалиевтің айтуынша, әзірге нақты қандай шара қолданылатыны белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін, 15 қыркүйекте Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы лицензиясыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Тергеу деректеріне сәйкес, олар әлеуметтік желілерде ақша, автокөлік және өзге де бағалы сыйлықтар тігілген ұтыс ойындарын тұрақты түрде өткізген.

Сот шешімінен кейін істің материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданып, қаржы операцияларына қатысты қосымша тексеріс басталған.