Желіде тараған видеодан жұмысшының денесін қызыл жалын жалмап бара жатқан сәтті көруге болады.
ERNUR.KZ. Жаңаөзен қаласында «Кезби» ЖШС мұнай сервистік кәсіпорнында өрт шығып, жұмысшы қаза тапты, деп жазады ulysmedia.kz.
Оқиға бүгін, 15 маусымда болды. Әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпорын қызметкерлерінің жазбасына сүйенсек, қайғылы жағдай еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы,техниканың әбден тозуы салдарынан болған.
“Үнімізді жеткізейік деп астанаға дейін бардық, оны тыңдаған үкімет жоқ. Соңы қазамен аяқталды. Өкінішті… әріптесіміз еді...” деп жазды Нұрсұлтан Нұрымұлы есімді Facebook қолданушысы.
Желіде тараған видеодан жұмысшының денесін қызыл жалын жалмап бара жатқан сәтті көруге болады. Видео авторының айтуынша, ол кәсіпорында машинист қызметін атқарған.