Жаңаөзеннің үш жылдық бюджетіне өзгеріс енгізіледі

0
704

Ашық НҚА сайтында жарияланған құжатта қала бюжеті 17 138 606 мың теңгеге дейін артатыны айтылған.


Жаңаөзеннің үш жылдық бюджетіне өзгеріс енгізіледі

ERNUR.KZ. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы "2023 - 2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы" шешіміне өзгеріс енгізіледі, деп жазады sputnik.kz.

Ашық НҚА сайтында жарияланған құжатта қала бюжеті 17 138 606 мың теңгеге дейін артатыны айтылған, оның ішінде 11 926 861 мың теңге – салықтық түсімдер.
Айта кетері, өткен жылдың соңында қала бюджеті 11 638 218 мың теңге көлемінде бекітіліпті. Яғни, жаңа редакцияда 5,5 млрд теңгеге артқан.
Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске сала кетейік, елордаға дүйсенбі күні келген жаңаөзендік мұнайшылар "Қазмұнайгаз" ғимаратының жанындағы Дөңгелек алаңда ереуілге шықты. Олар аутсорсинг келісімшартының орнына, үш жылға еңбек шартын жасасып, демалысқа шығуға мүмкіндік беруді талап етті.