Жанармай құю станциясына қазақ тілінде ақпарат ұсынбағаны үшін айыппұл салынды

0
600

Жалпы сомасы 414 000 теңге айыппұл салынды.


Жанармай құю станциясына қазақ тілінде ақпарат ұсынбағаны үшін айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Қазақстандық "Гелиос" жанар-жағармай құю станциясы техникалық регламенттің талаптарына сай келмейтін тауарды сатқаны үшін айыппұл арқалады, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоның ақпаратынша, "Гелиос" ЖШС-ның Көкшетау филиалы Кеден одағының "Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін тауарды сатқаны жауапқа тартылды.
"Тексеріс барысында "MANNOL EXTREME 5W40, 1 L, майының өндірушісі: SCT Lubricants, Infoline: SCT-VERTRIEBSGMBH Feldstrasse 154 22880 Wedel/Hamburg Germany" маркалы мотор майының таңбалану бөлігінде КҚ ТР 4.4 тармағының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде ақпарат жоқ екені анықталды. Сондай-ақ ұсынылған бейнематериалдар бойынша заңды тұлғаның талабы бойынша сапа паспортының көшірмесін немесе қауіпсіздік паспортының көшірмесін сатушының ұсынбауы жайлы факт тіркелді", - делінген хабарламада.
Субъектіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 414 000 теңге айыппұл салынды.