Маңғыстау облысында күн қатты ыстық болады деп күтілуде.
ERNUR.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп жазады Almaty.tv.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысында бұршақ жауып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысында шаңды дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының бірқатар аумаңында жел 15-20 м/с күшейеді. Ал, Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-22 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысында жел екпіні 15-20 м/с күшейіп, дауыл тұрады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Маңғыстау облысында күн қатты ыстық болады деп күтілуде.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күннің қатты ыстық болуының салдарынан өрт болуы мүмкін.