Жаңбыр мен суық ауа-райы Қазақстанға қайта оралмақ

0
409

25 сәуірде елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.


Жаңбыр мен суық ауа-райы Қазақстанға қайта оралмақ

ERNUR.KZ. Қазақстандық синоптиктер редакцияға алдағы үш тәулікке арналған (23-25 сәуір аралығы) ауа-райы болжамын ұсынды. Мәліметке сай, елімізге жаңбырлы суық күндер қайта оралмақ, деп жазады zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты найзағаймен жаңбыр жауады деп болжануда.

"25 сәуірде елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Аптаның басында ғана антициклон сілемінің әсерінен елдің солтүстік және шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады деп болжануда", - деді синоптиктер.

Болжамға сәйкес, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында арктикалық ауа массаларының енуімен ауа температурасының түнде-1-8°С-қа дейін, күндіз +3+13°С-қа дейін, орталықта түнде 0-5°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-қа дейін айтарлықтай төмендеуі күтілуде.