"Жаңбыр жауады": Синоптиктер алдағы үш күнгі ауа райы болжамын ұсынды

0
450

Кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.


"Қазгидромет" синоптиктері 12-14 маусым күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жылы және құрғақ ауа массалары Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райының қалыптасуына ықпал етті. Алайда, Скандинавия өңірлерінен келетін суық антициклонның әсерінен, елдің солтүстік жартысында ғана емес, оңтүстік облыстарда да ауа температурасы төмендейді. Егер оңтүстікте ауа температурасы аздап төмендесе, оңтүстік-шығыста термометр бағандары түнде 5...13°С-қа дейін, күндіз 20...28°С-қа дейін төмендейді.

Атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты жекелеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

12-13 маусымда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.