Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалды

0
1 091

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметі лауазымынан босатылған еді.


Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалды

Алматы қаласының жаңа бас санитарлық дәрігері тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен 2020 жылғы 18 сәуірден Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінде болып, лауазымынан босатылған еді.