Жандарбек Бекшин мен Ұлықбек Есдәулет мемлекеттік награда алды

0
622

Жандарбек Бекшин "Парасат" орденімен, Ұлықбек Есдәулет ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.


Жандарбек Бекшин мен Ұлықбек Есдәулет мемлекеттік награда алды

ERNUR.KZ. Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп жазады sputnik.kz.

Марапатты мемлекет басшысының атынан сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырды.

"Бұл наградаларды сіздердің елімізді өркендету жолындағы еселі еңбектеріңізге берілген лайықты баға деп қабылдаңыздар. Тіпті бүкіл Алматының жұмысына берілген баға деуге де толық негіз бар. Елге сіңірген еңбек ешқашан елеусіз қалмайды ", - деді Әшімбаев.

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды:

  • Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

"Парасат" оденімен марапатталды:

  • Еңбек ардагері, Алматының құрметті азаматы Байкенов Қадыр;
  • Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин;
  • Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Георгий Васильевич Кан;
  • Еңбек ардагері, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы Қалижанов.

"Құрмет " орденімен марапатталды:

  • Еңбек ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Людмила Ивановна Артамонова;
  • "Qazaq stroy" компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Әбдірахманұлы Артықбаев;
  • "Алматы су" кәсіпорнының директоры Қайрат Алтайұлы Әбдірасылов;
  • Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев;
  • Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Бақытұлы Әзірбаев;
  • Алматы қаласы білім басқармасы Ләззат Жылқыбаева;
  • Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының басшысы Диас Есдәулетов.

Сонымен қатар әртүрлі салада қызмет етіп жүрген бірқатар азаматқа ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы", "Ерен еңбегі үшін" ордені табысталды.