Жандарбек Бекшин неге тойға бармайтынын түсіндірді

0
569

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырудан қорықпайтынын айтты.


Жандарбек Бекшин неге тойға бармайтынын түсіндірді

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында журналистердің «тойға барасыз ба?» деген сұрағына жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырудан қорықпайтынын айтты. Өйткені ол бұрын ауырып, екпе алған. Бас дәрігер соған қарамастан тойға бармайтынын жеткізді.

«Егер көпшілік жиналатын іс-шаралар туралы айтатын болсақ, вирус жұқтырып жазылғаныма, вакцина алғаныма қарамастан онда бармауға шақырамын. Өйткені тасымалдаушы болуым мүмкін. Яғни ауырмасам да, оны басқаларға тасымалдауым мүмкін. Мысалы, отбасыма. Сондықтан бүгінде тойларға барудан бас тартамын», - деп жауап берді ол. БАҚ өкілдері Жандарбек Бекшиннен демалыс күндерін қалай өткізетіні туралы сұрады. «Cенбі күні мен жұмыстамын, жексенбі күні таза ауада серуендеймін. Сенбі-жексенбі күндері бір сағат үстел теннисін ойнаймын», - деді Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері.