Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев

0
690

​Алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңгеден астам қаражат бөлінеді.


Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев

ERNUR.KZ. Алдағы бес жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Президент билік әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа алатынын атап өтті.

"Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беруі керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік. Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән береміз", деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде.

Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары күшейтілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, ол алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңгеден астам қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индексацияланады. Бұл ретте ол инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асырылады.