Экстремал 19 жастағы жігіт болып шықты.
ERNUR.KZ. Ол "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартылды, деп жазады exk.kz.
Оқиға Нұр-Сұлтан қаласындағы Mega Silk Way сауда орталығында болған. Бейнежазбада жігіттің екінші қабаттан субұрқаққа секіріп, суға малынған күйі шығып бара жатқаны көрінеді.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, экстремал 19 жастағы жігіт болып шықты.
Жас жігіт қауіпті трюктан зардап шекпеген.