Жасанды интеллектке қазақ тілін енгізу үшін 4 милллиард теңге жұмсалуы мүмкін

0
997

Президенттің жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде министрлік "KazLLM" үлкен тілдік моделінің жобасын әзірлеу үшін деректер массивін жинап жатыр.


Жасанды интеллектке қазақ тілін енгізу үшін 4 милллиард теңге жұмсалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде жасанды интеллектті дамыту мақсатында қазақ тілін де сауатты енгізу қолға алынатынын жеткізді, деп жазады stan.kz.

Президенттің жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде министрлік "KazLLM" үлкен тілдік моделінің жобасын әзірлеу үшін деректер массивін жинап жатыр.

“Жалпы деректерді жинау нәтижесінде қазақ тілін өңдеудің жоғары сапалы моделі жасалады. Болашақта бұл автоматты аударманы жақсартуға ғана емес, жалпы қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеудің сапасы мен дәлдігін арттыруға көмектеседі.

Деректерді жинау үшін министрлік консорциум құрды. Оған ақпараттық және есептеу технологиялары институты, Satbayev University, Nazarbayev University, Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ҰҒПО, Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты мен ҚазҰУ кірді”, – делінген хабарламада.

Осы жобаны мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша министрлік жалпы сомасы 3,9 миллиард теңгеге конкурс жариялады.

"Kazllm "үшін деректер массивтерін толтыру үшін консорциум, ЖОО және мемлекеттік органдар деректерді "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде береді.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандағы жоғары оқу орындарында жасанды интеллект оқытылатынын хабарлаған едік.