"Жасанды тапшылық": Алматы вокзалының басшысы жұмыстан шеттетілді

0
787

"Қазақстан темір жолына" жолаушылардан бірнеше рет шағым түскен.


ERNUR.KZ. ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату деректерін анықтады, деп жазады tengritravel.kz.

"Қазақстан темір жолына" жолаушылардан бірнеше рет шағым түскен. Олар билеттерді заңсыз қайта сату деректері туралы айтқан.

"Алматы-1 теміржол вокзалындағы билеттерді алыпсатарлармен күрес аясында, ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен БАҚ-ты тарта отырып, тергеу жүргізді. Ол билеттерді заңсыз қайта сату және теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау деректерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан", - деді баспасөз қызметі.

Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

"Вокзал бастығы А. Б. (ҚТЖ-дан - еск.) тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне лауазымынан шеттетілді, оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексерулер еліміздің барлық вокзалдарында жүргізіледі", - деп толықтырды баспасөз қызметі.