Жасөспірім мектеп оқушыларынан ақша бопсалаған: сот оның анасын жазаға тартты

0
112

​Ақша бопсалаған бала небәрі 13 жаста екені анықталды.


Жасөспірім мектеп оқушыларынан ақша бопсалаған: сот оның анасын жазаға тартты

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Мектеп оқушыларынан ақша бопсалаған кәмелетке толмаған ұлының ісі үшін анасы жауапқа тартылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, 13 жастағы жасөспірім мектеп оқушыларынан ақша талап етіп, ұрып-соғатынын айтып қорқытқан. Бұл жағдай Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот отырысында жасөспірім өз кінәсін мойындап, жазаны неғұрлым жеңілдетуді сұрады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша (12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер жасаған заңсыз істің жазасын ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар тартады.

Бұл жағдайда жасөспірімнің анасына 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды.