Жастардың 5,7 мыңға жуық бизнес жобасына жеңілдетілген микрокредит берілді

0
480

"Аграрлық несие корпорация" АҚ-ға қазақстандықтардан жеңілдетілген микрокредиттер алуға барлығы 7,7 мың өтінім түскен.


Жастардың 5,7 мыңға жуық бизнес жобасына жеңілдетілген микрокредит берілді

ERNUR.KZ. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2023 жылы бөлінген қаражат есебінен жастарға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 5 658 микрокредит берілді, деп жазады baq.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, "Аграрлық несие корпорация" АҚ-ға қазақстандықтардан жеңілдетілген микрокредиттер алуға барлығы 7,7 мың өтінім түскен.

Жергілікті атқарушы органдарға микрокредиттерді беруге қаражат 2023 жылғы ақпан-наурыз айларында бөлінгенін атап өтеміз, осыған орай бюджет қаражаттарын игеру 2024 жылғы ақпан-наурызға дейін жүзеге асырылды.

Келесі өңірлерде микрокредиттердің ең көп саны берілді: Түркістан (625), Қызылорда (492), Жамбыл (483) облыстарында, Астана (451) қаласында.

26,4 млрд теңге сомасына 5 658 микрокредит бизнес жобаларды іске асыруға берілді, оның ішінде микрокредиттердің 35,4% ауыл тұрғындарына берілген.

Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, жеңіл өнеркәсіп салаларын қамтыды.

Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.

Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.

Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепілмен қамтамасыз ету ретінде келесілер қабылданады:

- екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда орналастырылған ақша қаражаты;

- республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік;

- жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері;

- жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері;

- бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері;

- мамандандырылған техника.

Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет.

Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, оның отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады.

Осылайша, микрокредит беру туралы шешім комиссиялық және нақты іс-қимыл жоспарымен өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, қоғамдық маңызы бар, өміршең болуы тиіс жобаның пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.

2024 жылдың сәуір айынан бастап микрокредиттер алуға өтінімдер барлық облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қабылданады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдарының мекенжайларын мына сайтта көрсетілген https://www.agrocredit.kz.