Ер адамның Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары екені айтылады.
ERNUR.KZ. Алматы қаласының полиция департаменті жастықпен фотоға түскен ер адамға қатысты қызметтік тергеу бастады, деп жазады Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде айнаның алдында денесін жасыл түсті жастықпен жапқан ер адамның суреті таралды. Жарияланған хабарламала ер адамның Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары екені айтылады.
"Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша қызметтік тексеріс басталды, тексеріс қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деді полицияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Instagram қолданушылары арасында #QuarantinePillowChallenge, қазақшалағанда "Жастық челлендж" кең тарап кетті. Қыз-келіншектер жастықтан көйлек жасап, киімін сәнді әшекеймен әсемдеп, карантин кезіндегі суреттерін парақшасына жүктеп жатыр. Жастықты денеге бекіту оп-оңай, оған қалың белдік қана керек.