Жазушы Әнес Сарай өмірден озды

0
2 798

Суыт хабарды​ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жариялады.


Жазушы Әнес Сарай өмірден озды

Жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарай 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Суыт хабарды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Бүгін халқымызға танымал дарынды жазушы, зиялы азамат, белгілі қоғам қайраткері Әнес Сарай ағамыз өмірден озды... Өкінішке қарай, уақыт алға жылжыған сайын алдыңғы буын аға-апаларымыз мәңгілік сапарға аттанып жатыр. Өмір бар жерде – өлім бар десек те, бұл – бір әулеттің ғана емес, әдебиет сүйер қауымы бар бүкіл қоғам үшін орны толмас ауыр қайғы болып отыр. Руханият саласына қатысты талай істе ағамыздың алдын көріп, ағалық ақылын тыңдап, жақын сыйластықта араласқан едік. Ағамыздың жарқын бейнесі мен әдебиет әлеміндегі шығармалары қалың оқырман қауымның рухани олжасына айналып, халық жадында мәңгі сақталады. Ағамыздың қазасына байланысты – Алтыншаш Жағанова апамызға және барлық ағайын-туыс, жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын", - делінген жазбада.

Жазушы Әнес Сарай - Батыс Алашорда тарихын қамтитын "Еділ-Жайық" романының және Алаш козғалысына қатысты деректі материалдардың авторы. Ол "Мұнаралар шақырады" (1969), Бозқырау" (1973), "Қараша өткен соң" (1974) атты әңгіме-повестерінде, "Тосқауыл" (1976), "Алтын арал" (1984), "Еділ-Жайық" (1994) романдарында Астрахан-Атырау өңірі еңбеккерлерінің өмірін, тыныс-тіршілігін арқау еткен. "Мұхаммед пайғамбардың өмірі", "Исатай мен Махамбет", "Қу тазша", "Тойтиып қалды", "Ару Алматы", "Мұңым менің", "Аңсау" атты пьесалары да бар.