Қайғылы қазаға байланысты әнші Астана қаласында өткізуді жоспарлаған кешін кейінге қалдырған.
фото: Ж.Жексенұлының instagram парақшасынан алынды
Әнші Жұбаныш Жексенұлының асқар тау әкесі дүние салды деп хабарлайды ERNUR.KZ Reactor. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында хабарлады.
«Қымбатты қазақ өнерін қадір тұтқан, халайық! Алланың бұйрығымен, жезтаңдай әнші Жұбаныш Жексенұлының дүниеге келуіне себепкер болған асқар тау әкесі фәни дүниеден озды. Алла Тағала мейіріміне бөлеп, панасына алғай»-деп жазған.
Қайғылы қазаға байланысты әнші Астана қаласында өткізуді жоспарлаған кешін кейінге қалдырған.