Жергілікті ішкі істер департаменті бұл іске қатысты әлі ақпарат таратқан жоқ.
ERNUR.KZ. Атырауда жедел жәрдем жеңіл автокөлікпен соқтығысып, медбике мерт болды деп жазады sn.kz. Мой ГОРОД-қа сілтеме жасап.
Оқиға 4 қыркүйек күні Құрманғазы мен Сәтбаев көшесінде болған.
«Жол апатынан 4 адам зардап шекті. Медбике сол жерде жан тапсырды. Жедел жәрдемдегі науқас орташа жарақатпен облыстық аурухананың нейрохирургия бөліміне жеткізілді», - дейді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жергілікті ішкі істер департаменті бұл іске қатысты әлі ақпарат таратқан жоқ.