Жедел жәрдемді бес мәрте шақырған: Тұтқындалған азаматтың өлімінен кейін тергеу басталды

0
922

Тәртіп сақшылары жарақаты бар ер адамды ауруханаға жатқызудан бас тартқан.


Жедел жәрдемді бес мәрте шақырған: Тұтқындалған азаматтың өлімінен кейін тергеу басталды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы денсаулық сақтау басқармасының басшылығы Осакаров полиция бөлімшесіндегі изоляторға бес мәрте келген жедел жәрдем дәрігерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты қызметтік тексеріс бастады. Медицина қызметкерлері тұтқындалған азаматты ауруханаға жатқызудан бас тарта берген деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Жедел жәрдем шақыртуларының аудижазбалары, GPS-навигаторлардағы мәліметтер мен оқиғаға қатысы бар басқа да материалдар мен құжаттар зерттеліп жатыр.
Қызметтік тексеріс аяқталған соң, барлық мәліметтер жария етілмек
" , - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.


Бүгінде дәрігерлер адам өліміне қатысты қылмыстық істің фигуранттары болды. Полицейлер оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 317 бабы үшінші тармағы "медицина немесе фармацевтика қызметкерiнiң кәсiптік мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан абайсызда болған адам өлімі" бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары төртінші мен сегізінші шілде күні изолятор камерасына тұтқындалған азаматқа көмек көрсету үшін бес мәрте жедел жәрдем шақыртқан. Алайда, дәрігерлер келген сайын жарақаты бар ер адамды ауруханаға жатқызудан бас тартып отырған.

Марқұм үшінші шілде күні сот үкімі бойынша шағын бұзақылығы үшін 15 тәулікке қамалған боалтын. Жедел жәрдем оны ауруханаға тек қана 8 шілде күні жеткізді. Сол жерде ол көз жұмды.