Жеке сот орындаушысын таңдауға тыйым салынды: барлық атқарушылық құжат ақпараттық жүйеде автоматты түрде бөлінеді

0
126

Өткен жылы әділет органдарына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша 73,5 мыңнан астам өтініш түскен.


Жеке сот орындаушысын таңдауға тыйым салынды: барлық атқарушылық құжат ақпараттық жүйеде автоматты түрде бөлінеді

ERNUR.KZ. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 7,2%-ға артық. Өтініштерде көтерілген негізгі мәселелер: атқару өндірісінің барысы туралы ашықтық пен ақпараттың болмауы, мәжбүрлеп орындату шараларының уақытылы жойылмауы, алименттердің төленбеуі, мүлікті сату болды.

Жоғарыда аталған барлық дерек бойынша аумақтық әділет органдарымен жоспардан тыс бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2 644 жеке сот орындаушылары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 39-ы лицензиясынан айырылды, 6 жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатылды. Бұл жайында ҚР Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Сонымен қатар азаматтар көтерген мәселелер бойынша алдын алу шараларын қабылдау және атқарушылық іс жүргізуді одан әрі жетілдіру мақсатында Министрлік атқарушылық процестерді одан әрі автоматтандыруға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге баса назар аударды.

«Мәселен, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау комиссиясы жойылды және аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары қайта қаралды. Атқарушылық құжаттардың ашық және пропорционалды бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында жеке сот орындаушысын таңдау мүмкіндігі алынып тасталды. Енді барлық атқарушылық құжат жеке сот орындаушылары арасында ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде бөлінеді. Бұл барлық санаттағы істердің орындалу деңгейін арттыруға және адал сот орындаушы мен өндіріп алушы арасындағы сөз байласу мүмкіндігін жояды», – деді спикер.

Азаматтық процессуалдық кодексіне, Неке, Отбасы туралы кодекс және «Атқарушылық іс жүргізу туралы» заңдарға атқарушылық өндіріс шеңберінде қарызды адамның жалғыз мүлкі тұрғылықты жері бойынша тұрғын үйге ғана өндіріп алу тек сот шешімі негізінде жүзеге асырылатыны жөнінде өзгертулер енгізілді және жеке кәсіпкерлерден алиментті нақты ақша сомасында өндіруді реттейтін нормалар енгізілді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта Мәжіліс Парламентінде атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге, оның ішінде жекелеген атқарушылық әрекеттерді автоматтандыруға, сот орындаушыларының әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, жеңілдетілген іс жүргізуді қолдану аясын кеңейтуге, өндіріп алынған сомаларды өндіріп алушыларға аудару тәртібі мен мерзімдерін белгілеуге, жеке және басқа да сот актілерін орындауды енгізуге бағытталған заң жобасы қаралуда.

Заңңа тәуелді деңгейде Министрлікпен келісе отырып, екі қоғам өкілінің және өтініш берушінің қатысуымен тәртіптік комиссиялардың жұмыс тәртібі қайта қаралды – олардың шешімдері міндетті болып табылады, ал өндіріп алу шараларын қолдану тәсілдері қатаңдатылады.

Сонымен бірге Әділет министрінің қолданыстағы бұйрықтарына жеке сот орындаушыларына мониторинг жүргізудің рәсімдерін күшейтуге бағытталған өзгертулер енгізілуде. Осылайша, жеке сот орындаушылардың қызметіне бақылау жүргізу қағидаларына жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне броактивті мониторинг жүргізуді көздейтін, кез келген анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығымен түзетулер енгізілді.