​Жекеменшік ғылыми ұйымдардың ғалымдары да 56 күндік еңбек демалысын алады — заң жобасы

0
119

Мәжіліс депутатының айтуынша, ғалымдардың қызметін дербес жоспарлауына, нәтижелерін еркін жариялауына, академиялық еркіндігіне байланысты құқықтары бойынша нақты нормалар қарастырылып отыр.


​Жекеменшік ғылыми ұйымдардың ғалымдары да 56 күндік еңбек демалысын алады — заң жобасы

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

ERNUR.KZ. Мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік ғылыми ұйымдардың ғалымдарына да 56 күндік ақылы еңбек демалысы берілмек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады inform.kz.

— Қазіргі таңда мемлекеттік ғылыми ұйымдардың мәселен, ғылым докторлары 56 күндік ақылы еңбек демалысын алады. Ал жекеменшік ұйымдарда ондай міндет жоқ. Сондықтан көбі тіпті 30 күнге жуық еңбек демалысына шығып отыр. Енді біз мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік ғылыми ұйымдарда да дәл осы 56 күндік еңбек демалысын беруді ұсынып отырмыз. Ғылым ортақ, талап та, құқық та ортақ болуы тиіс, — деді Асхат Аймағамбетов.

Мәжіліс депутатының айтуынша, ғалымдардың қызметін дербес жоспарлауына, нәтижелерін еркін жариялауына, академиялық еркіндігіне байланысты құқықтары бойынша нақты нормалар қарастырылып отыр.
Айта кетейік, аталған заң жобасы аясында ғылыми жобаны бастау мерзімін нақты сол келісімшарт басталған күннен белгілеу көзделген.