Жел күшейіп, жаңбыр жауады: ертеңге арналған ауа райы болжамы

0
1 027

Республиканың оңтүстік аймақтарының басым бөлігінде өрт қаупіс сақталады.


Жел күшейіп, жаңбыр жауады: ертеңге арналған ауа райы болжамы

ERNUR.KZ. Атмосфералық фронттардың жүруіне байланысты елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, деп жазады "Қазгидромет".

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Алайда елдің солтүстік және орталық аймақтары антициклонның ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз ашық болады деп күтілуде.

"Жалпы республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең шығыста тұман түседі деп күтілуде", - деп жазылған хабарламада.

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының орталығында, солтүстік-шығысында, тау маңындағы аймақтарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.