Желіде Атырау әкімі кенеттен қайтыс болғаны туралы фейк тарады

0
648

Атырау әкімі жедел штаб отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады.


Желіде Атырау әкімі кенеттен қайтыс болғаны туралы фейк тарады

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар жөніндегі штабтың фейк парақшасында Атырау әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Атырау әкімі жедел штаб отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады.

"Төтенше жағдай аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын тағы бір рет еске саламыз, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті шараларды қабылдау үшін Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың фейк парақшасы иесін іздестіріп жатыр", - делінген хабарламада.