Желіде балта ұстаған адамның видеосы тарап жатыр: полицейлер пікір білдірді

0
495

​Қазақстандықтар мессенджерлерде ер адам досымен жанжалдасып, төрт адамды өлтірді деген аудиохабарламалар мен видеолар таратып жатыр.


Желіде балта ұстаған адамның видеосы тарап жатыр: полицейлер пікір білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар адамдарға балтамен шабуылдаған ер адамның видеосын таратып жатыр. Полицейлер бұған қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстандықтар мессенджерлерде ер адам досымен жанжалдасып, төрт адамды өлтірді деген аудиохабарламалар мен видеолар таратып жатыр. Хабарлама авторлары бұл оқиғаның Семейде болғанын айтады.

Кадрларда жартылай жалаңаш адамның басқа ер адамды жерге құлатып, балтамен ұра бастағаны көрінеді. Ал тағы бір видеода ер адам баспалдақ астында ер адамның үстінде мініп алғаны көрсетілген. Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар болғандықтан, редакция бұл видеоны жарияламайды.

Бұл туралы Абай аудандық полициясы пікір білдірді.

"Абай ауданының полиция департаменті бұл дерек бізге беймәлім екенін және оның Абай ауданына еш қатысы жоқ екенін мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Оқиға Ресейдегі Хакасия Республикасының астанасында болғаны белгілі болды. Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, ер адам басқа біреуге шабуыл жасап, оны балтаның дүмімен ұрған. Жәбірленуші ауруханада жатыр, ал полиция қылмыскерді ұстады.

Ал жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде тұтқынның адамдарға бірнеше шабуыл жасауға қатысы бар деген ақпаратты бөлісіп жатыр. Алайда тергеушілер бір ғана жәбірленуші болғанын айтты.