Желідегі тест сұрақтарының жауаптары: Ұлттық тестілеу орталығы маңызды мәлімдеме жасады

0
63

2026 жылы 10 мамырда елімізде негізгі ҰБТ басталды.


Желідегі тест сұрақтарының жауаптары: Ұлттық тестілеу орталығы маңызды мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде ҰБТ-ға қатысты тарап жатқан жалған ақпаратқа қатысты Ұлттық тестілеу орталығы маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметі 2026 жылы 16 мамырда хабарлады:

"Әлеуметтік желіде "ҰБТ-дан өткізіп береміз", "грант алып береміз" немесе "тест сұрақтарының жауабы бар" деген мазмұндағы хабарламалар тарап жатқанын байқаудамыз. Мұндай ұсыныстардың барлығы – алаяқтық әрекеттер. Азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың құрбаны болмауға шақырамыз. Сонымен қатар, әр тестіленушіге жеке тест нұсқасы қалыптастырылатынын еске саламыз. Осыған байланысты интернетте таралатын "слив" материалдары нақты тест тапсырмаларымен сәйкес келеді" деген пікір шындыққа жанаспайды. Тест материалдарын заңсыз таратуға қатысты барлық фактілер анықталған жағдайда, уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданады".

Сондай-ақ тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі болып табылатыны және оларды заңсыз жариялау мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеліп соғатыны еске салынады.

"ҰБТ-ға тек өз біліміңізге сеніп дайындалуға шақырамыз. Академиялық адалдық қағидаларын бірге сақтайық", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2026 жылы 10 мамырда елімізде негізгі ҰБТ басталды.