Желідегі видео: Оралда су ағызып әкеткен ер адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

0
297

22 сәуірде Жайық өзені кенерінен асып, Орал маңындағы саяжай аумақтарын су басты.


Желідегі видео: Оралда су ағызып әкеткен ер адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Орал қаласында саяжай аумағын су басу кезінде суға ағып бара жатқан ер адамның видеосы тараған болатын. Ер адамды Ұлттық ұлан сарбаздары мен полицейлер аман-есен құтқарып қалады. Осы оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды, деп жазады zakon.kz.

Айта кетсек, 22 сәуірде Жайық өзені кенерінен асып, Орал маңындағы саяжай аумақтарын су басты. Су тасқынының екінші кезеңіне дайын БҚО әкімдігі атқарушы органдарға су алуы мүмкін елдімекендердегі адамдарды алдын ала эвакуациялауды тапсырған болатын. Алайда өз еркімен эвакуациядан бас тартқан адамдар да бар болып шықты. Үлкен су келгенде саяжай аумағынан құтқарушылар төрт адамды құтқарды. Солардың бірі - су ағызып әкеткен 1962 жылғы Анатолий Мефтахудинов (РФ азаматы).

"Бізді алдын ала эвакуациялаған. Мен арнайы бекетті білдірмей айналып өтіп, өзімнің саяжайыма бардым. Бүлдіргендерім мен таңқурайымды қазып алып, құтқарғым келді. Су жоқ. Содан ащы судан алып қойып, ұйықтап кетіппін. Оянсам үйге су кіріп кеткен. Атып далаға шығып едім, ағын су ағызып әкетті. Қайта жігіттерге рақмет, мені құтқарып қалды. Төртеуі бірінің қолынан бірі мықтап ұстап, мені қағып алды...", - дейді ол.