Желідегі видеода мемлекеттік рәмізге тіл тигізген адам ұсталды

0
561

Ол өзінің қателігін мас күйінде жасағанын айтып түсіндірген.


Желідегі видеода мемлекеттік рәмізге тіл тигізген адам ұсталды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желідегі видеода мемлекеттік рәміздерді балағаттаған адам қамауға алынды, деп жазады zakon.kz.

Ол Павлодар ауданы Ефремовка ауылының 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2021 жылғы 5 маусымда Павлодар ауданының полициясына облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны жүгініп, dmitrikolomin8194 аккаунтындағы әлеуметтік желі пайдаланушысын әкімшілік жауапкершілікке тартуды өтінген.

Себебі ер адам инстаграмда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қатысты әдепсіз сөздер айтқан. Осылайша ауыл тұрғыны Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпеген, - деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Полиция тәртіп бұзушы анықтап, ұстады. Ол өзінің қателігін мас күйінде жасағанын айтып түсіндірген.

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі, "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал сотқа жіберілді.

Сот 2021 жылғы 6 маусымда онлайн режимде өтті. Сот отырысында ауыл тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада баяндалған мән-жайларды растай отырып, жасалған құқық бұзушылық кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді.

Сот кінәлі адамды ҚР ӘҚБК 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 1 (бір) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартты.