Пойыз құрамында жалпы саны 416 жолаушыға арналған 9 вагон болады.
фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Ұлттық тасымалдаушы 2026 жылдың 13 желтоқсаннан бастап №66/65 «Нұрлы жол – Қызылорда» пойызының құрамын отандық өндірістен шыққан Stadler вагондарымен жаңартады. Пойыз аталған бағытта күнара қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабаралады.
Пойыз құрамында жалпы саны 416 жолаушыға арналған 9 вагон болады. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында вагондар климат-бақылау жүйесімен, жеке жарықтандыру шамдарымен, 220 В электр розеткаларымен, бейнебақылау жүйесімен, қол жүгі мен багажды орналастыруға арналған орындармен және буфет аймағымен жабдықталған.
Билеттерді bilet.railways.kz сайты мен теміржол кассаларынан сатып алуға болады.


