Жемқор ұсталса – бастығы кетсін: мәжіліс жобаны мақұлдады

0
1 023

​Түзетулер жеке тәртіп пен бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.​


Жемқор ұсталса – бастығы кетсін: мәжіліс жобаны мақұлдады

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қол астындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлықпен ұсталған жағдайда басшыларды жауапкершілікке тарту туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы парламенттің жоғарғы палатасының қарауына жіберіледі, деп жазады zakon.kz.

Басшылардың жауапкершілігі туралы норма "Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған.

"Түзетулер сыбайлас жемқорлық қылмыстары жасалған жағдайдағы жеке тәртіп пен бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған" деді халықаралық істер, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің мүшесі Михаил Чирков.

Заң жобасына сай, мемлекеттік қызметтен теріс мінездемесіз босатылған тұлғалар бір айдың ішінде конкурстарға тестілеусіз қатыса алады. Сондай-ақ, саяси қызметкерлердің орнын ауыстырып отыру институтын іске қосу, қызметтік куәліктердің орнына жеке басын анықтайтын карталар енгізу көзделген.

Бұған дейін қол астындағы қызметкерлері жемқорлықпен көзге түскен жағдайда мемлекеттік орган басшылары отставкаға кетуі тиіс екенін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім екен болатын. Инаугурация өткеннен кейін мемлекет басшысы өз мекемесінде жемқорлыққа қатысты дау шыққан білім министрі Күләш Шәмшидинованы қызметінен босатты.