Ұзақ уақыт бойы сәтсіздікке ұшыраған "Атырау" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасы аясындағы кезекті ойын алдында рәсімге жүгінді.
ERNUR.KZ. “Атырау” футбол клубы “Ордабасыға” қарсы ойын алдында сәттілік серік болуы үшін құрбандық шалды. Алайда бұл әрекетіне қарамастан жеңіліп қалды, деп жазады stan.kz.
Ұзақ уақыт бойы сәтсіздікке ұшыраған "Атырау" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасы аясындағы кезекті ойын алдында рәсімге жүгінді.
Бірқатар жеңілістердің "қарғысын жою" үшін ойыншылар қойды құрбандыққа шалды. Команда бұл рәсім сәттілікке жетіп, бірқатар сәтсіздіктерді тоқтатады деп үміттенді. Себебі бұл клуб матчта қатарынан жеті рет ұтылған.
Алайда футболшылардың ниеті нәтиже бермеді. Сол күні кешке "Атырау" "Ордабасыға" қарсы матчында 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл клубтың маусымдағы сегізінші жеңілісі болды.