«Жер астынан су атқылап жатыр»: Қарақия ауданындағы видео жұртты дүрліктірді

0
109

​Бұл «құбылыс» су құбырына зақым келгеннен орын алған.


«Жер астынан су атқылап жатыр»: Қарақия ауданындағы видео жұртты дүрліктірді

Фото:скрин

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы өндірістік аумақта жер астынан су атқылап жатқандай көрінетін видео тарады. Көпшілік мұны табиғи құбылысқа балап, «жер астынан шыққан су» деген болжам жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бізге жеткен дереккөзге сай, 2026 жылдың 27 сәуірінде Қарақия ауданының өнеркәсіптік аймағында су құбыры жарылып кеткен. Нақтырақ айтқанда, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мұнай-газ өндіру басқармасы аумағында қабат қысымын ұстап тұру үшін айдалатын су құбырына зақым келген. Салдарынан су жер бетіне атқылап шыққан. Зардап шеккендер жоқ.

Компания мәліметінше, апат жедел түрде оқшауланып, ақау толық жойылған. Қазір құбыр қалыпты жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ мамандар бұл жағдай экологиялық қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.

Осылайша, жұртты алаңдатқан көрініс табиғи құбылыс емес, өндірістік апат салдары болып шықты.