Жер сілкінісінен кейін Алматыда такси бағасы күрт көтерілді

0
483

Бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.


Жер сілкінісінен кейін Алматыда такси бағасы күрт көтерілді

ERNUR.KZ. Алматылықтар такси бағасы қатты көтеріліп кеткенін жеткізді. Алматы тұрғыны Назира жұмыс орнынан үйіне дейін таксимен 5 мың теңгеге жеткенін тілге тиек етті, деп жазады inform.kz.

Айтуынша, жұмыс орны үйінен айтарлықтай алыс емес. 5-6 көше ғана. Әдетте такси 700 теңге алады.

баға
Фото: Kazinform
«Жер сілкінген кезде жұмыста едім. Үйде түстен кейін оқитын балам жалғыз қалған. Бірден баламды ойлап, тіпті жылап та жібердім. Сосын дереу жетейін деп таксиді көшеге шығып ұстадым. Бағасын сұрамастан дереу отыра қалдым. Үйге жетіп қалғанда жүргізушісі сізден 5 мың теңге деді. Оған да мән бермей төлей салып балама жүгірдім. Енді, Сіз сұрағанан кейін есіме түсіп отыр. Бағасын шарықтатып жіберіпті. Адамдар не боп барады?», - дейді қала тұрғыны.
Расында, қала ішінде такси қызметі 4-10 мың теңге аралығында.

Еске салайық, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.

Алматы әкімдігі барлық жиналу пунктілері ашық екенін мәлімдеді.

Алматы полициясы күшейтілген режимге ауысты.