Жерде тағы магниттік дауыл басталды

0
282

Бұл дауыл ғарыштық ауа-райының жалпы тұрақсыздығының салдарынан болды.


 Жерде тағы магниттік дауыл басталды

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 25 қыркүйегінде таңертең әлсіз магниттік дауыл басталды. Сарапшылардың болжауынша бүгінгі геомагниттік дауыл ұзаққа созылмайды, деп жазады zakon.kz.

Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасының мәліметі бойынша, бұл дауыл ғарыштық ауа-райының жалпы тұрақсыздығының салдарынан болды.

"Жерде бүгін-ертең әлсіз магниттік дауыл жүреді деп болжануда. Мұның негізгі себебі ғаламдағы ауа-райының әлсін-әлсін бұзылуы",- дейді зертхана мамандары.

Сондай-ақ, зерттеушілер дауылдың 3-4 сағаттан аспайтындығын атап өтті.

Жерде магниттік дауыл басталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 15:04


Еске салайық, 17 қыркүйектегі магниттік дауыл максималды 9 баллдық деңгейге жеткен болатын.