"Жетібай-Жаңаөзен" тас жолы уақытша ұшақтарға арналған ұшу жолағына айналады

0
550

Аталған жол учаскесінде Жаңаөзен бағытына және қарама-қарсы бағытта көлік қозғалысы айналма жол бойымен ұйымдастырылмақ.


ERNUR.KZ. 10 маусым мен 19 шілде аралығында "Жетібай-Жаңаөзен" автожолының 28-31 шақырымдық бөлігі (аэродромдық учаскесі) барлық көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады, деп жазады stan.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Маңғыстау облысы филиалы тас жолдың қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің оқу-жаттығу өткізуіне байланысты жабылатынын мәлімдеді.

Аталған жол учаскесінде Жаңаөзен бағытына және қарама-қарсы бағытта көлік қозғалысы айналма жол бойымен ұйымдастырылмақ.

“Жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, уақытша жол белгілері талаптарын орындауға және айналма жолмен жүруге шақырамыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз”, – делінген хабарламада.