Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады

0
674

Біржолғы ақшалай төлем 75 АЕК-ті құрайтын болады.


Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, біржолғы ақшалай төлемді тағайындауды және төлеуді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері жүргізеді.

"Егер бала асырап алу туралы сот шешімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін заңды күшіне енсе және жоғарыда аталған сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он екі ай ішінде іске асыру мүмкін болса, біржолғы ақшалай төлем бала асырап алушылардың біреуіне тағайындалады және төленеді. Біржолғы ақшалай төлем асырап алынған әрбір жетім балаға және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға тағайындалады және төленеді. Төлем тағайындау туралы өтінішпен жүгінген сәтте бала асырап алушылар бөлек тұрған жағдайда, ол асырап алынған бала бірге тұратын бала асырап алушыға тағайындалады және төленеді", - делінген бұйрық жобасына қосымша берілген қағидаларда.

Біржолғы ақшалай төлем алу үшін бала асырап алушылардың бірі келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;

3) бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігін электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;

5) екінші деңгейдегі банктегі жеке шот ашу туралы шарттың көшірмесі.

Бала асырап алуға байланысты төлем тағайындаудан бас тарту үшін негіздеме:

1) құжаттардың толық тізбесін ұсынбау;

2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алудың күшін жою;

3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алуды жарамсыз деп тану.

Бала асырап алудың күші жойылған немесе бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде жергілікті бюджетке қайтаруы тиіс.

Құжатты жария талқылау 12 маусымға дейін жалғасады.