​Жетісу облысында пойыз жолға шыққан адамды басып кетті

0
106

ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады.


​Жетісу облысында пойыз жолға шыққан адамды басып кетті

Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Бөгде адамның темір жол бойына кенеттен шыға келуіне байланысты машинист шұғыл тежеуді қолданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— 6 тамызда сағат 19-52-де Қарабұлақ — Тентек аралығында машинист бөгде адамның темір жолға кенеттен шыға келуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қашықтықтың қысқалығынан басудың алдын алу мүмкін болмады, — делінген хабарламада.

ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады.
— Рұқсат етілмеген жерлерде жолдарды кесіп өту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, — деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.