Жарылыстың себебі анықталуда.
ERNUR.KZ. Жетісу облысы Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты, деп жазады Zakon.kz.
"2023 жылы 1 сәуірде сағат 08:52 уақытында Көксу ауданының Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метрді құрайтын қазандық жарылып, жазатайым оқиға орын алды. Бір жұмысшы қаза тапты. Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталуда", делінген Көксу ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Сондай-ақ марқұм жұмысшының 53 жаста екені, артында бес баласы қалғаны туралы да айтылады.