Зардап шеккен адам қалалық орталық ауруханаға жатқызылды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Жезқазғанда құтқарушылар кәріз құдығына құлап, қысылып қалған адамды шығарды, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Ұлытау облысының 112 пультіне Жезқазған қаласы, Кеңгір кенті, Молодежная көшесі бойында 1976 жылы туған ер адам техникалық құдыққа құлап, кәріз құбырларының арасына қыстырылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келді. Құтқарушылар құтқару арқаны мен арнайы жабдықтың көмегімен зардап шегушіні шығарды.
Ол қалалық орталық ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын еске салды:
- Техникалық люктерге жақындауға болмайды, әсіресе қараңғы уақытта;
- Ашық және зақымдалған құдықтар туралы 112 нөміріне хабарлау керек.