Жезқазғанда мектеп оқушысы 7 жылға сотталды

0
1 388

Қатарласын ұрып өлтірген оқушы енді 11-ші сыныпты темір тордың арғы жағында аяқтайтын болды


Жезқазғанда мектеп оқушысы 7 жылға сотталды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ал, соққыдан есін жимастан бақилық болған Константин Даниловтың туғандары сот шешімімен келіспейді, деп жазады ktk.kz.

Олардың айтуынша, 7 жыл жеңіл жаза. Ал соттағылар қылмыскер тиісті жазасын алды деп отыр. Өйткені ол кәмелетке толмаған.

Естеріңізге салсақ, мектеп бітіру кешінен кейін оңбай таяқ жеген жас түлек Жезқазғанның орталық көшесінен ес-түссіз күйде табылған еді. Жедел жәрдем дәрігерлерлері жасөспірімнің өміріне араша түсе алмады. Полиция марқұмды жаны шыққанша тепкілеген 10-шы сынып оқушысын бірден қолға түсірген болатын.

Татьяна Данилова, марқұмның әжесі: Үкіммен келіспейміз, бірақ аппеляциялақ арыз да түсірмейміз. Адвокаттар одан ештеңе өзгермейтінін айтады. Кәмелет жасына толмаған ғой. Сотта ешкімнен қаймықпай, прокурормен салғыласып отырды. Ең сорақысы, бұл қылмыскер 3 жылдан кейін мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін.