Министрлік артық бюрократияны болдырмайтын, заңнаманың заманауи, тұрақты және бейімделгіш моделін қалыптастыруға арналған тәсілдерді әзірледі.
ERNUR.KZ. Әділет министрлігі норма шығару тәсілдерін қайта қарады. Енді артық процедураларды болдырмау үшін жоспарлау сапасы мен құқықтық реттеудің нақты тиімділігіне баса назар аударылады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
«Министрлік артық бюрократияны болдырмайтын, заңнаманың заманауи, тұрақты және бейімделгіш моделін қалыптастыруға арналған тәсілдерді әзірледі. Олар жеделдік пен басқару дербестігіне басымдық бере отырып, құқықтық реттеу деңгейлерін ажыратудың нақты өлшемдерін қамтиды», – деді Ерлан Сәрсембаев.
Норма шығару процесіне қандай жаңалықтар енгізілуде:
- «пакеттік қағидат» енгізілді: енді заңға тәуелді актілер нормалар бірден жұмыс істей бастауы үшін заңдармен бір мезгілде әзірленеді;
- артық регламенттеу алынып тасталды: дебюрократизация аясында 25 заң қабылданды, реттеу деңгейлері қайта қаралды;
- салалық мониторингке көшу: енді тек бір құжат қана емес, бүкіл заңнама саласының жай-күйі мен тұрақтылығы талданады;
- ғылыми сүйемелдеу күшейтілді – Заңнама институты қазір барлық сараптамалар мен заңдардың тиімділігін талдауға жауап береді;
- жасанды интеллект енгізілуде – арнайы ЖИ-агент идеядан мониторингке дейінгі бүкіл циклды сүйемелдейді.


